Қиялымды қайтейін – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қиялымды қайтейін» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 554
Қиялымды қайтейін көз ілмеген,
Сая таппай еш жерден безілдеген.
Қалай ғана кеткенсің біте қайнап,
Қуанышты, қайғылы кезімменен.

Келгенде жанға жайлы жасыл көктем,
Майда самал өзің боп шашымды өпкен.
Ақ жаңбыры көктемнің сіркірейді,
Үнсіз төгіп тұрғандай жасыңды еппен.

Сенсіз солып қалардай гүл сабағы,
Тыншу өмір жанымды тұмшалады.
Мөлдіреген тамшылар діріл қағып,
Тереземнен өзің боп мұң шағады.

Арманымдай бұлдырап дала жатты,
Көкіректе мұңлы күй,нала қапты.
Қара таудың үстінен қызарып күн,
Өзің болып қоштасып бара жатты…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиялымды қайтейін өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қиялымды қайтейін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиялымды қайтейін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиялымды қайтейін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері