Мен қандай күй кештім – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мен қандай күй кештім» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1005
Саған деген сезімді,
Бір жолата қырқуға бекідім де,
Тістеріме тісімді бастым қатты,
Жүздерімнен жосылып жасым ақты…

Сонда жүрек,
Қолға түскен шымшықтай шырылдады,
Мұздап кетті от денем жылынбады,
Мені кетті теңселтіп өкініштің,
Толқыны кеп кеудеме ұрылғаны.

Ешкімде кеп,
Ортақ бола алмады бұл сырыма,
Өзегімді жүрегім жұлқыды да,
Тасқа тиген әйнектей быт-шыт болды,
Тірлігімнің баянды шырқы мына!

Қайда отырмын,
Не істедім ұмыттым бәрі-бәрін,
Қансыраған жүректің қалі мәлім.
Күндіз-түні бір маза берсеңші деп,
Жүрегіме дамылсыз жалынамын.

Күрсінемін,
Бейне жалын аузымнан атылғандай,
Іштегі мұңым сыртқа шашылғандай.
Сөмкеде тұр,
Өз қолыммен жап-жаңа жыртқан хатың,
Әлі күнге сырыңды жасырғандай.

Мен тістендім,
Сезімімді бірақ та қырқа алмадым.
Хатты жырттым,
Жүрегімнен атыңды жырта алмадым.
Қиялдадым жазғырдым,аяладым,
Қара ормандай көп ойды құрта алмадым.

Күрсін хүрек,
Енді сені жазғырман күрсінді деп.
Пәк сезімді келмейді жоғалтқысы,
Қыршын арман,қыршын қыз,қыршын жүрек.

Хош дедім мен,
Қайталадым ішімнен тағы атыңды.
Көргім келді. бір жолата тауысып тағатымды.
Кеш сезгенсің жете алмай жүрсің білем,
Талдырған тағдыр сенің қанатыңды.

Бірде алыстап,
Бірде келіп қасыма тұр арманым.
Бұл қандай күй,
Қандай күйді кештім мен?
Біле алмадым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен қандай күй кештім өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Мен қандай күй кештім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен қандай күй кештім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен қандай күй кештім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері