Бір бақшада баптайық – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Бір бақшада баптайық» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 500
Мент үшін саған өзге жетеді кім?
Сен келсең маңайымнан кетеді мұң.
Сен дағы бір ауылдың серісісің,
Мен дағы бір ауылдың сетерімін.

Көңілім жалғыз сені қалайды деп,
Жолыңда арулар жүр талай жүдеп.
Өзіңмен келе жатсам кей жігіттер,
Соңымнан қызғанышпен қарайды көп.

Сездің бе шуағы мол жылы күзді,
Құшады алтын күздің нұры бізді.
Баптайық бір бақшада гүлімізді,
Біріміз ұнатқан соң бірімізді.

Таңымыз от болғанда кешіміз шоқ,
Сезімге жүрек сүймей бекініс жоқ.
Ізіңе ит жүгіртіп не қылайын,
Бақыт аз басқан ізде өкініш көп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір бақшада баптайық өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Бір бақшада баптайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір бақшада баптайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір бақшада баптайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері