Жыңғылды көң

Бұл бетте «Жыңғылды көң» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2146
Аңсап ем айлар бойы бұл күнді мен,
Ақыры жеттім саған,
Жыңғылды көң.
Иіскесем шашақталған шырпыңнан бір
Жаныма болатындай мың күндік ем.
Өткізем жыңғыл кезіп бұл күнді мен,
Жұпары құдіредей жыңғылдың ем.
Қайырбай Зәкіровтың қаламына
Ылайық ойдым-ойдым күлгін кілем.
Төріме түбі сенің үлгіңді ілем.
Бебеулет баяғымды, ізгі күйшім!
Кеткен бе көңмен көшіп біздің үй шын?
Жыңғылдың шыртылдаған шоғын қаузап,
Сезініп отырушы ем күздің исін...
Қалпыңды таппасам да сол баяғы
Белгілер мен білетін мол ғой әлі.
Көзімді жұмсам болды –
Бір қара шал
Менен құран дәметіп,
Қол жаяды!
Жыңғылды көң.
Картада жоқ ондай ат.
Көңілден келесің тек жоғалмай-ақ,
Ей, інім, отырмысың ағаңды аяп?
...Байғыздар там ішінде жағы сембей
Бағыштап отырғандай маған да аят!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыңғылды көң өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Жыңғылды көң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыңғылды көң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүрсін Ерман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыңғылды көң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері