Әйел – Жүрсін Ерман

Бұл бетте «Әйел» атты Жүрсін Ерман жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.03.2016
  • 0
  • 4
  • 77681
Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні - әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен.

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең - әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!

Ананың сорып емшегін,
Басылған талай келсегің.
Бәдік боп өмір кешесің,
Бермесе әйел женьшенін.

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!

Әйелден ыстық от бар ма?
Әйел деп түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді,
Әйелің өлсін деп қарға.

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол - шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні - Әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!


Пікірлер (4)

Тапаш

Жүрсін ерман 1000 жаса әніңмен

Askar

Керемет

Нұрлан Қ

Әдемі

Марал

«Әйел» ақын Жүрсін Ерман жазған туынды — әйелдің адам өміріндегі рөлі мен қадір-қасиетін жоғары бағалайды, әйелдің отбасы мен қоғамдағы маңызын көркем тілмен жырлайды. Ол нәзіктік пен мейірімділікті, әйелдің жан-жақты болмысы мен рухани мәнін көркемдей өрнектейді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйел өлеңінің авторы кім?

Жүрсін Ерман — осы өлеңнің авторы.

Әйел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйел өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері