Жарты дүние, жарты күн, жарты жаным – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жарты дүние, жарты күн, жарты жаным» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Жарты дүние, жарты күн, жарты жаным,
Құмға сіңген дариядай тартыламын.
Балапандай жүрекпен мен өзіңе
Таңғы алауға шомылып талпынамын.
Жарты жүзін бұлт бүркеп күн күледі,
Жыр тілейді бір түрлі мұңды реңі.
Екі жүрек қосылса, екі жарты
Бүтінделіп кетпесін кім біледі?
Сынык, арба сияқты сырғып келем,
Көңіл сәби ішіне сыр бүкпеген.
Қара жерге кірпіктен құлап түсер
Бір тамшы жас екен-ау тірлік деген.
Сездіреді қандай сыр мынау күлкің,
Айналаның қуалап тұман-бұлтын.
Біреу үшін махаббат деген ұғым
Алданудан, алдаудан тұрар мүмкін...
Сыбызғыдай сыңсиды жаным менің,
Кең даланың сағынып дауыл, желін.
Жарты әйелмін бұйырған жарты бақыт,
Бүтін емес жарты алма – жарым көңіл.
Бүтіндікті тілеймін, сағынамын,
Қашан менің түнейді бағыма күн?
Құрай алмай өзімді тынып іштен
Тас кеп тиген әйнектей шағыламын...
Сәлем берсең дейтұғын «шүкір, күнім»,
Қара жердің көтерген бүкіл жүгін.
Әжем берген жарты құрт көңілменен
Бір өмірдің аңсаймын бүтіндігін...
Өртенеді ойлармен салқын ішім
Жеткізе алмай жүрекке алқынысын.
Мен өмірге шырқырап келдім бе екем,
Арман шөлдің азабын тарту үшін.
Келе берсін маған да кезек мейлі,
Елеусізді ешкім де сөз етпейді.
Жарты бақыт жарты айдың жүзіне ұқсап,
Бұл жаныма білмеймін, не жетпейді?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарты дүние, жарты күн, жарты жаным өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жарты дүние, жарты күн, жарты жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарты дүние, жарты күн, жарты жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарты дүние, жарты күн, жарты жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері