Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1111
Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы,
Кетер күлсең көңілдің ызғары әлі.
Көре алмастар атыңа күйе жағып,
Сенің мынау көркіңді қызғанады...
Мейлі, мейлі, сыртыңнан кінәласын,
Көрерің көп, сау тұрса мына басың.
Ақ көңілім болмасқа бордай тозып,
Болымсызға несіне мұңаясың?
Жасымашы, жабырқап, қарашығым,
Қара шашты еркелеп тарашы бір.
Жанарыңмен жарқ еткен серпіп жібер
Көлеңкелі көңілдің бар ашуын.
Ашылмастан көктемгі гүлің әлі,
Неге өмірден көңілің суынады?
Тоңып жүрген шуақсыз менің жаным
Жанарыңмен өзіңнің жылынады.
Көтер басты, қабақтан бұлтыңды айда,
Сұлуларда мұң емес, сыр тұрмай ма?
Айтшы, жаным, кешегі еш кінәсыз
Сылдырлаған бұлақтай күлкің қайда?
Тазалашы, күлкіңмен жушы бәрін,
Білмейсің бе бұлттан соң күн шығарын.
Дерті болса жүректің жазылсыншы,
Күніндей бір көктемнің күлші, жаным!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар