Сеннен қалған мейрімнің сандығы – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Сеннен қалған мейрімнің сандығы» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Ұлағатың болып бізге ұлы ұғым,
Аяладың бала-көңіл тұнығын.
...Сенен қалған мейірімнің сандығы,
Ешбір адам аша алмай жүр құлыбын.
...Қолыңызға бермейтұғын дертені,
Өмір деген қандай шолақ, келте еді?!
Бауырыңа басып алып біздерді,
Ұзақ түндер айтушы едің ертегі.
Жолын тілеп аққудайын арлының,
Тыңдайтынмын талайлының зар-мұңын.
Өркөкірек қауып әр кез өмірем,
Жігерлі жас жеңетұғын барлығын.
Содан кейін сүйіп мені ақырын,
«Арлы бол» деп айтатұғын ақылын.
Ертегінің бір қуандым ерімен,
Тапқандай боп көп күттірген жақынын.
Күлшелінің батпандайын бағы бар,
Пенде-өмір – ай!..
Тіршілікке бағынар.
Жылу шашқан сенің алақаныңның,
Маңдайымда әлі күнге табы бар.
...Сан адамды салатұғын сынаққа,
Мына тірлік толып кетті-ау сұраққа.
Сен де кеттің мәңгіліктің еліне,
Мен де кеттім арман қуып жыраққа.
Арманымды ақ жолымнан жарып ап,
Теріс қарай домалады тары-бақ.
...Өткен күнді көп ойлаймын мен бүгін,
Өлеңімді өлі түнге малып ап.
..Тіршіліктің пендесіне сыйы не?
Құлақ қойып мәңгіліктің күйіне,
Айдалада аңызақ жел кептірген,
Келіп тұрмын ай құлақты үйіңе...
...Сеніп тұрмын бақилықтың күйіне...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сеннен қалған мейрімнің сандығы өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Сеннен қалған мейрімнің сандығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сеннен қалған мейрімнің сандығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сеннен қалған мейрімнің сандығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері