Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен!

Бұл бетте «Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен!» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 518
Махаббаттың маздап жанып шырағы,
Сезімдерге ерік бермей ғашықтық.
Біздер үшін-биіктіктің тұрағы,
Қол ұстасып, тау басына асықтық.
Көңілімнің көбелегін аулаған,
Сиқырлы бір сезім бардай үніңде.
Жанымызды ұлы сезім баураған,
Ұлытаудың сол бір айлы түнінде.
Тау басында-армандардың ақ туы,
Ақ сезімнің жария қып санатын.
...Менің үшін-махаббаттың аққуы,
Ұлытаудан қаққан еді қанатын.
Өшпестей боп жазылған-ды жүрекке,
Сол күндерді ән етемін, жыр етем.
Тіреу болған, арман менен тілекке,
Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен! өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлытауда-сезімдер де ұлы екен! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері