Түрімді жүдеттің – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Түрімді жүдеттің» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Түрімді жүдеттің,
Мұңымды үдеттің.
Жаза алмай сарсыттың
Жарасын жүректің.
Сыздаттың жанымды,
Мұздаттың тәнімді.
Тіл – мақау,
Көз – басыр
Қаптырып шаңыңды.
Асылды тот қылдың,
Нәсілді жоқ қылдың.
Тауға да, тасқа да
Басымды соқтырдың.
Қанымды қайнаттың,
Зарымды «сайраттың».
Сағымды сындырдың,
Бағымды байлаттың.
Жарығың сөнгесін
Жарымжан пендесің.
...Беу, дүние, сұм жалған,
Бар ма еді менде өшің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрімді жүдеттің өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Түрімді жүдеттің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрімді жүдеттің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрімді жүдеттің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері