Ару кетіп бара жатыр көшеде – Хамит Есеман

Бұл бетте «Ару кетіп бара жатыр көшеде» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Ару кетіп бара жатыр көшеде...
Тоқ маңдайы әсте күнге тимеген,
Ақ тамағын адам келіп сүймеген.
Көкірегінде қос зерені жұпарлы,
Қос бұрымы арқасында билеген.
Талайына берген сынды Тәңір бақ,
Піскен жемістей мықыны мамырлап.
Әміршінің ақ Бикесі сияқты,
Бірақ оны кім бар көрген тамырлап.
Кейіпкері ертедегі ертектің,
Мен сорлы оған жанаса алмай жер тептім.
Туабітті пәктігін айт, пәктігін,
Қос тізесін қалтыратқан еркектің.
Жанарында ақтымық көл тұнады,
Секілді бір он саусағы қыналы.
Шолақ көйлек киіп алған үстіне,
Етегіне жабыстырып күнәні.
Ару кетіп бара жатыр көшеде...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері