Некесіз-ақ басыма бақ қондырған – Хамит Есеман

Бұл бетте «Некесіз-ақ басыма бақ қондырған» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 569
Некесіз-ақ басыма бақ қондырған,
Жүрегімді үнсіз ойға шомдырған.
Ізгі нұрдан жаралғандай дидарың,
Періштенің өзін естен тандырған.
Дәм татқызар жұмақтағы жемістен –
Артық емес сенен сірә періштең.
Ұмыттырдың қырық жылғы қайғымды,
Қырық өрім шашты қызбен сеніскен.
Қырық қызды сүйген екем ұнамды,
Қырық қызға айттым жырмен дұғамды.
Айналайын соның бәрін білсең сен,
Ешқашанда кешпес едің күнәмді.
Кінәлімін,
Қайтем жүрек көнбесе,
Тәтті дәмнен татқысы кеп шөлдесе.
Көзіңе енді шөп салмауға сөз берем,
Қырық күндік той жасайық ендеше.
Жаным сені ақын мәңгі сүйсінші,
Қырық шырағыңа жүрек күйсінші.
Қажеті жоқ пенделердің біздерге,
Некемізді періштелер қисыншы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері