Түнгі көбелек – Хамит Есеман

Бұл бетте «Түнгі көбелек» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1720
Кімнің қай кез таусылыпты сайраны,
Ғажап-ақ қой жан біткеннің жайраңы.
Түнгі шаһар шамын жақты шырадай,
Бүгін түнгі көбелектер мейрамы.
Олар үшін жат көрінер күрсіну,
Атымен жоқ сезіміне тұншығу.
Сырт көзге олар шеттерінен періште,
Әрі сүйкімді де әрі тым сұлу...
Балиғатқа жетпей шашып шырынын,
Гүлі ашылмай лайлап алған тұнығын.
Әрбір гүлге бір қонады кешқұрым,
Қиып тастап қасиетті бұрымын.
Тесік моншақ жерде жатыр шашылып,
Махаббаты көкжиекке асылып.
Таңсәріде жылап жатты содан соң,
Көзін жасын Құдайынан жасырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі көбелек өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Түнгі көбелек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі көбелек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі көбелек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері