Бір иіскеп шашыңнан – Хамит Есеман

Бұл бетте «Бір иіскеп шашыңнан» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Бір иіскеп шашыңнан,
Ғазал өріп кетермін.
Жазығымды жасырған,
Қарызыңды өтермін.
Гүлден өрген тәжіңді,
Есіме алсам егілем.
Айта жүріп назыңды,
Қоштасыпсың менімен.
Аңсап шексіз зеңгірді,
Өзімді-өзім алдаппын.
Сен сүйетін зер гүлді,
Мен құрметтей алмаппын.
Жігін шағып жанымның,
Жылап ақты жылғалар.
Тәспісіндей Тәңірдің,
Тізбектелді тырналар.
Мен де жатам қамығып,
Еске түсіп жайраң кез.
Күрең күзге зарығып,
Күрсінбеші айнамкөз.
Енді бөлек гүлдейсің,
Емес бірақ бақта бұл.
Арманымды білмейсің,
Аққуым-ай ақкөңіл!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір иіскеп шашыңнан өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Бір иіскеп шашыңнан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір иіскеп шашыңнан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір иіскеп шашыңнан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері