Мәжнүн тал – Хамит Есеман

Бұл бетте «Мәжнүн тал» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Мендегі жыр,
Күзді күнгі нәзік мұң,
Мәжнүн тал –
Ару сынды бұрымды.
Сенің ғазиз жапырағыңа жазыппын,
Ең аяулы әрі алғашқы жырымды.
Сол өлеңді мезгіл келіп үзгенше,
Мұңайма тек...
Жұлдызы сор ақындай.
Сағыныштан сарғаясың күз келсе,
Менің сүйген сұлуымның хатындай.
Қия алмайсың бірге кешкен дәуренді,
Түсіме ендің кей түндері егіліп.
Еске салып тұрсың бүгін сәулемді,
Қос бұрымың тобығыңа төгіліп.
Мәжнүн тал...
Менің көркем ғазалым,
Жүрегімнен оқып келген сырымды.
Сенің әзіз дидарыңа жазамын,
Ең азапты әрі соңғы жырымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәжнүн тал өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Мәжнүн тал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәжнүн тал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәжнүн тал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері