Сезім – Хамит Есеман

Бұл бетте «Сезім» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 808
Махаббатсыз сәні келмес сазының –
Ақ өлеңмін...сүйдім сол да жазығым.
Тұмар қылып тағып алшы жырымды,
Тұма сынды тұнық қана нәзігім.
Сен түйсінсең жағдайды мендегі,
Кеуілімнің келешекке сенгені.
Мүмкін сендей сұлуларды жырлауға –
Ақындардың жер бетіне келгені.
Меруерттей мөлдіреген аймаңдай,
Тәңір бізді сыңар қылып қойғандай.
Құдай жырдан өзге қасиет бермепті,
Суретші де болар едім ойланбай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері