Күттім, күте шайыр болып шайқадым – Хамит Есеман

Бұл бетте «Күттім, күте шайыр болып шайқадым» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Күттім, күте шайыр болып шайқадым,
Оның бәрін әнеугүні байқадың.
Гүлдер гүлге арзу айтып ашылса,
Арзамды мен саған ғана айтамын.
Күттім... келдің сияқтанып жарық күн,
Айы болдың түнде адасқан ғаріптің.
Аққуыма оқ атылса беймезгіл,
Рас, мәңгі жас жұтам деп жабықтым.
Сен келем деп, мен күтем деп шаршадық,
Екеуіміз екі жақта ән салып.
Тағдырымыз жазылатын тақтада,
Бақытсыздық бола қоймас соншалық.
Бұл жалғанға назасы көп жандайын –
Аспан жалқынданбаса екен әрдайым.
Үкілім-ай ұшып кетпе... бақбақтай –
Бақытымнан айырылып қалмайын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері