Алматының қыздары – Хамит Есеман

Бұл бетте «Алматының қыздары» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1228
Алматы әлпештелген әйбат қала,
Айналама қарадым жәйлап қана.
Шаһардың ен төсінде еркелейді,
Бір күлімкөз еріні оймақтана.
Сұлулығын-ай шіркін бұл қаланың,
Көкірегіңде тұрады тулап ағын.
Арулары әдемі екен өзі,
Білмеппін көшесінде жыр боларын.
Сұлу сезім тасынып кешке нағыз,
Өлеңменен шынайы дос боламыз.
Сол шаһардың ауасын жұтып тұрып,
Талай қызды сағына еске аламыз.
Бір қыз өтер сол сәтте түрін бұлдап,
Бір қыз өтер жүректен мұңымды ұрлап.
Ең бастысы аққудай ақын қыздың,
Отырамын паркте жырын тыңдап.
Осылай жүрегімді емдеймін көп,
Қоштасарда азырақ шерлеймін тек;
Бір сөзімді қайталай берем сосын,
«Алматы, енді саған келмеймін»,-деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматының қыздары өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Алматының қыздары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматының қыздары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматының қыздары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері