Ақшамдағы аңсау – Хамит Есеман

Бұл бетте «Ақшамдағы аңсау» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 644
Мен кеңдіктен қорғандым,
Көре де алмай дүниенің кеңдігін.
Аңсатқаны жетпегендей арманның,
Аңсаттың-ау сен бүгін.
Ақшам түсті қалаға,
Шамам жетсе қала ішіне енсемші.
Енді дауа бола алмадым санаға,
Көп аңсатпай келсеңші.
Жүрем жанға үндемей,
Тек өлеңнен табамын деп миятты.
Жалғыз ғана гүл жылап тұр үлбегей,
Ол да ақын сияқты.
Сен осылай аңсаттың,
Аңсай алмау маған сірә сор шығар.
Аңсаймын деп махаббаттан шаршаппын,
Жанарымда тамшылар.
Ерініңнен өбейін,
Енді былай шыдаман.
Жеті түнде жырымды оқып берейін,
Жүрегімде жылаған.
Сол кеңдіктен қорғандым,
Көре де алмай дүниенің кеңдігін...
Падишасы жүректегі арманның,
Өліп барам мен бүгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақшамдағы аңсау өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Ақшамдағы аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақшамдағы аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақшамдағы аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері