Ешкім де қозғалта алмас мық тағынан – Хамит Есеман

Бұл бетте «Ешкім де қозғалта алмас мық тағынан» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 503
Ешкім де қозғалта алмас мық тағынан,
Хан болсам іргесіне құт дарыған.
Қаһарланып өзімше жарлық қылсам,
Ләззат алып бәрінің бұққанынан.
Жұрттан асып даңғайыр даналығым,
Жалғасам қос құрлықтың аралығын.
Сұлулар бір көруге құштар болса,
Иығынан төгіліп қара бұрым.
Дұшпанның көзінен қан сорғаласа,
Пенде біткен алдымда жорғаласа.
Періштелер қорғаса рухымды,
Сол иықтан сайтандар арбамаса.
Жатар едім есіме ап өткенімді,
Осы күнге еңбекпен жеткенімді.
Мені сүймей кеткен сол бұраң белдер,
Көзімен көрсе хан боп кеткенімді.
О, мені кім кезінде сөз етпеді,
Өкінер келді олардың кезектері.
Сұлулар қолы жетпей жүрер ме еді,
Өкініштен өртеніп өзектері.
Уақыттан асып туған данышпандай,
Тақта отырса жарқырап қарыс маңдай.
Ата жауым күн кешер бәлкім сосын,
Айға шауып мерт болған арыстандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ешкім де қозғалта алмас мық тағынан өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Ешкім де қозғалта алмас мық тағынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ешкім де қозғалта алмас мық тағынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ешкім де қозғалта алмас мық тағынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері