Жалғыздық кеші – Хамит Есеман

Бұл бетте «Жалғыздық кеші» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 491
Бүгінгі кеш ауыр еді не деген,
Жаным болды жалғыздықтан жыларман.
Көкірегімде діріл қақты көп өлең,
Тұла бойы қоңыр мұңнан құралған.
Көз алдымда есі ауысқан өмірім,
Сауабы мен Обалы тең аралас.
Дүниенің дидарынан жерідім,
Бұл дүние бойжеткендей жалаңаш.
Адамдардың арасында сайтандық,
Бірін-бірі азғыруға шақ тұрған.
Қас қарайса басталады сайқалдық,
Айдалаға арын бүктеп лақтырған.
Кім тыңдасын...
Кімге айтамын өкпемді,
Жыр дәруіш...
Жүрегімнің мұңы боп.
Кешіп келем кешірімсіз өткелді,
Оның бірақ өткізетін түрі жоқ.
Адам емес,
Ақындарша сүріндім,
Шықпай жатып сөреден.
Ақ мақтадай ақ едің ғой құлын күн,
Сағынамын, сағыныш ең не деген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық кеші өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері