Бір жұлдыз ақты төбемнен – Хамит Есеман

Бұл бетте «Бір жұлдыз ақты төбемнен» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 621
Бір жұлдыз ақты төбемнен,
Көз жаздым ғажап өлеңнен.
Мұңайып жалғыз келем мен,
Қасіретті ғой дегенмен.
Жарық Ай тартты жадағай,
Баласы өлген Анадай.
Жылады жұлдыз жағалай,
Тағдыры солай, обал-ай.
Жарықсыз қалып мына түн,
Өлтіріп алды мұратын.
Жұлдызсыз әлем ішінде,
Қасірет шекті ұлы ақын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері