Есіл жылдар – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Есіл жылдар» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 534
Өткеннiң алуан түрлi сұрақтарын,
Жасырдың неге менен қыраттарым.
Өкпелеп қалған қыздай үнсiз ақты-ау,
Сыбырлап сыр айтатын бұлақтарым.
Жолымды кесiп өттiң неге менiң,
Жырымды ақ жаңбырдай төгер едiм.
Тiзiлген тырналарды қимай жатты-ау,
Сырларын iшке бүккен төбелерiм.
Кеткенмiн сағынған соң шыңды дара,
Төбемде жарқыраған күндi қара.
Түсiме жиi енедi соңғы кезде,
Баяғы анам жатқан мұңды мола.
Ана бұлт жаумай өткен несiн бұлдар,
Түбiнде ұлы жырдың көшiн тыңдар.
Ессiз күннен бiр белгi қалдырмастан,
Ес жиғызбай барады- ау есiл жылдар


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіл жылдар өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Есіл жылдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіл жылдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіл жылдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері