Таразының бары анық – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Таразының бары анық» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Ұлтына сай болар,
Бiр ұлың ем далалық.
Жан дүниеңдi қайғы алар,
Топырақтан жаралып.
Кiсi өлiмi.... бұл кiм дер,
Елiм тағы дүрлiктi.
Бағаламай жүр кiмдер,
Бес күндiк бұл тiрлiктi.
Қалтырайды жапырақ,
Су сұрайды топырақ.
Тiтiркендi-ау атырап,
Түсiнбейдi ақымақ.
Сыртымыздан күлгендер,
Сырларыңды бiлген бе ел.
Ит боп елге үрмеңдер,
Отпен ойнап жүргендер.
Не боп кеттi айнала,
Не боп кеттi, қарағым.
Киесiмен ойнама,
Мынау Ұлы Даланың.
Шашы ағарған сорлы ана,
Бар қайғыңды талдармын.
Тiлiн, дiлiн қорлама,
Кешегi өткен шалдардың.
Барлығында берген Сiз,
Қабырғама батады.
Дiнiн сатқан көргенсiз,
Баласын да сатады.
Анасын да сатады,
Даласын да сатады.
Қаласын да сатады,
Данасын да сатады.
Арын биiк сақтаған,
Алашорда атылған.
Көше бойы қаптаған,
Ару қыздар сатылған.
Мықтап алған күзетiн,
Қызға көзiн сүзетiн.
Азаматтар қор болды-ау,
Тепсе темiр үзетiн.
Бiр көрмедiк iзетiн,
Қызғанбаймыз күзетiн.
Мекемеңiз бiз емес,
Кемшiлiгiн тiзетiн.
Ел үмiтiн артатын,
Кеттi жырлар таралып.
Түбiнде бiр тартатын,
Таразының бары анық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таразының бары анық өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Таразының бары анық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таразының бары анық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таразының бары анық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері