Мәңгі серік мұң-нала – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Мәңгі серік мұң-нала» атты Қасымхан Бегманов жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Қазақ, қазақ дегенмен,
Сан қашырды-ау ұйқымды.
Құс ұшырып төбемнен,
Өзiмiздi жұбаттық,
...«Керуен көштi, ит үрдi».
Жалғыз шыққам елден мен,
Кеттi бәрi, дос сатты.
Мұң-наламен шерленген,
Қара көзiм боталап,
Қу көкiрек бос қапты.
Анам бейбақ күрсiнген,
Жүрегiмде, ойымда.
Туған жерден нұр сiңген,
Қажымайтын, талмайтын,
Тылсым күш бар бойымда.
Мазалар бұл жай кейiн,
Сауын айтып, құт тосқан.
Қазағым-ай қайтейiн,
Жақсыларын сыйламай,
Арпылдатып ит қосқан.
Серкелерiм сұлтандай,
Пышақталып кетiптi-ау.
Жiгiттерiм ұлтандай,
Арба итеріп, күл тасып,
Ұсақталып кетiптi-ау.
Ажал ма екен жаза аты,
Парықсызбен тiрестiм.
Ғұмыр бойы қазақы,
Сахараның киелi,
Рухы үшiн күрестiм.
Емексiтiп алдайтын,
Ғазиз өлең бiр ғана.
Көлеңкедей қалмайтын,
Елiмдi ойлап қажыған,
Мәңгi серiк мұң-нала.
Бұл пәниде жыр азық,
Алтын елiм, өз елiм.
Рух iздеп құлазып,
Жел өтiнде жарығым,
Өртенiп тұр өзегiм.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгі серік мұң-нала өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Мәңгі серік мұң-нала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгі серік мұң-нала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мәңгі серік мұң-нала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері