Алғаш рет – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Алғаш рет» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 898
Алғаш рет қараған сәт ұрлана,
Қолын бұлғап қоштасқанда қыз бала.
Самал ескен әдемі бір көктемде,
Көз тастаған сыртынан ол өткенде.
Гүл терген кез бір белеңде жап-жазық,
Содан кейін жіберген сәт хат жазып.
Алғаш рет ғашық болып бір қызға,
Қараған сәт аспандағы жұлдызға.
Алғаш рет сүйіскен сәт еріннен,
Мына дүние сондай сұлу көрінген.
Алғаш рет дос болған кез өзгемен,
Үлкен болып көрінгенмен көзге мен.
Алғаш рет өлең жазған түнімде,
Періштедей таза мөлдір күнімде.
Қайран менің, арманым-ай, арманым,
Бәрі сонда, бала кезде қалғанын.
Оларменен бір-ақ рет кез кеппін,
Соның бәрін қалай сонда сезбеппін.
Бәрін бірде айтамын деп жүр едім,
Соғып тұрса менің мұңлы жүрегім.
Сырласыңдай сыр айтайын мен саған,
Ей, адамдар, бала кезді аңсаған.
Біліп тұрып бір нәрсені білмеппіз,
Бала кездей алаңсыз бір күлмеппіз.
Бала кездей алаңсыз бір жүрмеппіз,
Дабырлаған, дуылдаған дүрмекпіз.
Бірінші рет түйіскендей болмайды,
Бірінші рет рет сүйіскендей болмайды.
Бірінші рет достасқандай болмайды,
Бірінші рет қоштасқандай болмайды.
Барлық нәрсе, осылай ғой қорланба,
Қызық-ау тек бірінші рет болғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғаш рет өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Алғаш рет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғаш рет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғаш рет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері