Ана бейітінде – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ана бейітінде» атты Қасымхан Бегманов жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1226
Пәни мен бақиды ойлап жабырқаңдар,
Пендеде мұрсат бар ма қабiр таңдар.
Бабайқорған мүлгидi ақсұр бейiт,
Жанымда әкем, сосын Садырхан бар.
Ажал кеп ақ кебiнге оранғалы,
Жан анам үйге қайтып оралмады.
Алатау асып кеткен ақын ұлы,
Өзгелердей атақты бола алмады.
Бола алмады болам деп талпынғанмен,
Қоғамға қарай бiлдi салқын қанмен.
Ғасырмен бiрге келген жұмысы аз,
Ұлтқа қатысы жоқ жарқылдармен.
Өкпелеп табансыздау ағасына,
Iнiсiне жармасқан жағасына.
Күндiз естен шықпайтын, түнде түстен,
Келiп тұр анасының моласына.
Бiр кезде шулап жатқан ормандай ем,
Орманға өзiң пана қорғандай ең.
Сырт көзге көрiнсем де бақытты боп,
Мен сорлы о бастан-ақ сормаңдай ем.
Түсiме ендiң сәтте сан жылаған,
Тағдыр деп мұңын шақты жаңбыр оған.
Бiлем ғой, бiрақ мына сағыныштан,
Қайтемiн жүрегiмдi қан жылаған.
Қараша үй ашылмаған түңдiгiм-ай,
Ұрлаған жылды жыл-ай, күндi күн-ай.
Құран оқып болған соң күйбең қаққан,
Жайымды сездi-ау әкей, мұңлығым-ай.
Жел тұрса жапырақтай орманда ойнар,
Ойсызға жердiң бетi толған тойлар.
Ананың аманатын естiмеген,
Аз ба екен арамызда сормаңдайлар.
Ей, бейбақ, аруақты еске ал,
жет басына,
Өмiрде өтер-кетер көп тасыма.
«Жан апа ана болса сендей болсын»,
Сөзiм бұл ойып жазған көктасына!
Пәни мен бақиды ойлап жабырқаңдар,
Пендеде мұрсат бар ма қабiр таңдар.
Бабайқорған мүлгидi ақсұр бейiт,
Жанымда әкем, сосын Садырхан бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана бейітінде өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ана бейітінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана бейітінде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана бейітінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері