О, Түркiстан – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «О, Түркiстан» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 675
О, Түркiстан,
шапағат бер,
cабыр бер,
Сары даладан бақыт iздеп сабылды ел.
Сағым басқан қырда жатқан елеусiз,
Менi мұңға батырады қабiрлер.
Қабiрлерiм,
өткен ғасыр,
өткен күн,
Тарихы ол кеше өмiрден өткеннiң.
Мен қайғысын болмысыммен сезiнем,
Иесiнiң сандықтағы шекпеннiң.
Қандай ойға бастамайды мына қыр,
Қабiрлерге бәйiт арна, дұға қыл.
Еркектерге жылау қылмыс болса да,
Айдалада ағыл-тегiл жыла бiр.
Бәйiт арна,
құрбандық шал,
дұға қыл,
Дұға қыл да, жүрегiңмен жыла бiр.
Қабiрлерге қамқор Ана секiлдi,
Аруағымды қымтап жатқан мына қыр.
О, Ата жұрт,
шапағат бер,
сабыр бер,
Сахарадан бақыт iздеп сабылды ел.
Сағым басқан қырда жатқан елеусiз,
Менi мұңға батырады қабiрлер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, Түркiстан өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

О, Түркiстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, Түркiстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, Түркiстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері