Мен өзiмнен бөле алмадым Тұранды – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Мен өзiмнен бөле алмадым Тұранды» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Мен өзiмнен бөле алмадым Тұранды,
Дос екен деп жақын тарттым жыланды.
Сұлу құштым,
шарап та iштiм,
ат мiндiм,
Ессiз сүйдiм Мұхаммедтi, Құранды.
Жер қалмады,
ел қалмады баспаған,
Алға қарай жетеледi асқақ ән.
Кiрпiктерiм iлiнгенде көрдiм мен,
Суретiңдi отқа жағып тастаған.
Көк бөрiлер ауыл торып ұлиды,
Әкем байғұс қимай отыр жылы үйдi.
Сол суретiң жаңа
жана бастаған,
Күл боп барып топырақта iридi.
Бөрi кетiп,
боран ертең ашылар,
Суретiңнiң күлi желмен шашылар.
Жер бетiне жаңбыр
жауса бiр күнi,
Арасында көздерiмнiң жасы бар.
Бұл жылдары сенi ойлаймын, сағынам,
Туған жұрттың дәстүрiне бағынам.
Есiмнен бiр шықпай қойдың, сонда да,
Құран менен Мұхаммедке табынам.
Шарап iшiп шайырларға сыйлаппын,
Қызып қалып қиратпасты қираттым.
Өкси-өкси әпкем
жатқан сонан соң,
Отырамын басына кеп зираттың.
Бұл жалғанның қызығынан тұл зират,
Айналасы жусан менен гүл зират.
Өткен-кеткен жолаушыға зарығып,
Әлдене деп тiл қатқандай бұл зират.
Көк бөрiлер
көкке қарап ұлыған,
Қара түнде елден жалғыз құрығам.
Маған бақыт жоғын сездiм сол түнi,
Жұлдыздардың сұп-сұр болған сұрынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен өзiмнен бөле алмадым Тұранды өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Мен өзiмнен бөле алмадым Тұранды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен өзiмнен бөле алмадым Тұранды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен өзiмнен бөле алмадым Тұранды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері