Ана белең, мына сай, қыраттарды – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ана белең, мына сай, қыраттарды» атты Қасымхан Бегманов жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Ана белең, мына сай, қыраттарды,
Жүрегіме, санама орап алғам.
Есіме сап ұмытқан мұраттарды,
Шыға келді жамырап солар алдан.
Қарағандай тосырқап жетімегіне,
Қайбір жылы осында қап кеткен күн.
Мына тұнық қайнарды көкірегіме,
Құйып алып өзіммен ап кеткенмін.
Көп қуанта алмайды көктем бүгін,
Байқағанмен бүршікті шыбықтардан.
Қайран менің келмеске кеткен күнім,
Әлдеқашан Санамда ұмыт қалған.
Көргем талай, несіне достасамын,
Пенде түгіл тағдырдың жалтарысын.
Керемет Кез, мәңгілік қоштасамын,
Мекен еткен Санамның қалтарысын.
Бабайқорған, аяулы Хантағының,
Арбаменен ұрлаған сабанын да.
Гүлдерінің иісі, жантағының,
Тікендері әлі жүр табанымда.
Тамшылары тұр менің жанарымда,
Қара жаңбыр мөп-мөлдір сезімдерім.
Ұялшақтау со қыздың анарында,
Дір-дір етіп қап қойған Кезім менің.
Кең дүние төсіңе сия алмадым,
Маңдайдағы жолдарға салып қойған.
Қош болыңдар ойларым, қиялдарым,
Түпкірінде Санамның қалып қойған.
Бар бақытым – иманым, сабырымда,
Аттамадым ала жіп өмірімде.
Ғашық Кезім тулайды тамырымда,
Сәби шағым өксиді көңілімде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана белең, мына сай, қыраттарды өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ана белең, мына сай, қыраттарды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана белең, мына сай, қыраттарды өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана белең, мына сай, қыраттарды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері