Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау,
Еңсені езді шемен болып қалған дау.
Ақылды боп көрінгім кеп тұрғанмен,
Сол баяғы Қасымың ем аңғалдау.
Ақын болып келіп, кеткен жалғанға,
Қайта оқырсың оңаша бір қалғанда.
Неге кеше алып-ұштым соншама,
Неге ұмтылдым қол жетпейтін арманға.
Аңғармадың, байқамадың сыртымнан,
Сырым қалды, жырым қалды жыртылған.
Қара түнде қатты ұялып отырмын,
Кезімді ойлап абыройға ұмтылған.
Ойың қалар ақ қағазда жыртылып,
Сыр жасырып бірге жүріп, бір тұрып.
Дана қазақ бәрін сезіп қояды,
Неге керек болмайтынға ұмтылып.
Сағынамын алаңсыз сол кезімді,
Кейін, кейін әлсіздіктер сезілді.
Кісі болып көрінген кей сәтімді,
Ел кешкенмен мен кешпеймін өзімді.
Ойсыз жолды о бастан-ақ қумадым,
Сәл сүрінсем жан-жағымнан шуладың.
Бақытты іздеп жанталасып нем бар, ей,
Бақыт деген – қазақ болып туғаным.
Санаң сезер сұрапыл ой салмағын,
Орындалмас, орындалар арманың.
Бақыт деген – еріні емес қыздардың,
Бақыт деген – қазақ болып қалғаның.
Иә, сезгенмін иығымның талғанын,
Басқа жырдан табарсыңдар қалғанын.
Неге керек сендер барда абырой,
Абырой ол – қазақ болып қалғаның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері