Ескі үйде – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ескі үйде» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 833
Ескі үй өзіңсіз өтті күн,
Ит қана күзеткен.
Жанымда ағамда жоқ бүгін,
Сөзімді түзеткен.
Үзілген үміті солардың,
Кеудеге тағы да толар мұң.
Сағынып, құлазып,
Апа мен үйге оралдым.
Апа мен оралдым ескі үйге,
Баяғы бәріміз тұратын.
Өлгендер тіріні ести ме.
Қуатым.
Тұрмын мен шетінде ауланың,
Сарғайған жапырақ шашылған.
От болып алаулап лауладым,
Көп сырды бәріңнен жасырғам.
Ұршықты иіріп, жүн түткен,
Шешемнің шуағы шашылған.
Сәулесі түсетін түндіктен,
Сырт көзден мұңдарын жасырған.
Із-түзсіз кетпепті,
Бір тамшы үзілдің.
Қылтиып сабағы көктепті,
Қолымен еккен сол жүзімнің.
Менің де тойым бар,
Әйел бар сәл ептеп ұнаған.
Жасы нес, қайдағы қойыңдар,
Мен емес, аспан ғой жылаған.
Дерті едік біреудің серті едік,
Апа мен ескі үйге оралдым.
Ол кезде жас едік, өрт едік,
Ұқпаған болармын.
Кім маған құшағын жаяды,
Бұл үйді ит ғана күзеткен.
Өмір ғой, өмір ғой баяғы,
Мені де жолдар ғой түзеткен.
Жырақта өмірім өткенмен,
Сатпайтын серігім өлең ғой.
Алысқа кеткенмен, көктеммен,
Апа мен тағы да келем ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі үйде өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ескі үйде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі үйде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі үйде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері