Шеттегi көше – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Шеттегi көше» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 544
Шеттегi көше,
жүретiн ойнап бiр бала,
Шалқаңнан жатып
қараушы ең ұшқан тырнаға.
Кешiр сен, досым,
жасы емес көздiң, басқа емес,
Көтерiп сенi тұрғызып алар жыр ғана.
Еске алу ауыр,
еске алу ауыр,
еске алу ауыр, сол түнi,
Өзiңдi түгел Оңтүстiк еске ап толқыды.
Шығарып сенi баратты соңғы сапарға,
Машиналар мен адамның шексiз толқыны.
Желбiреп желмен
қап-қара сенiң шаштарың,
Қара жер жұтты
қара көздердiң жастарын.
Қаралы хабар кернедi, досым, сол түнi,
Тұнжырап тұрған қаланың мұңлы аспанын.
Қайғысыз,
қамсыз осындай әсем шат күнде,
Өмiр аспаннан
жұлдыз боп мәңгi ақтым де.
Қаралы әуен ойнады туған көшеңде,
Жаттың сен қарап жарқырап тұрған ақ күнге.
Елжiрей сүйген сезiмтал жүрек соқпайды,
Тiрлiкте мына осыдан өткен жоқ қайғы.
Кiрiп келер деп есiкке қарап елеңдеп,
Аяулы анаң, сүйкiмдi жарың жоқтайды.
Әкесiз күнiн сәбилер қалай батырсын,
Арманың сенiң ұлыңды алға шақырсын.
Шуылын естiп машиналардың сен бүгiн,
Биiктен туған қалаңа қарап жатырсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шеттегi көше өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Шеттегi көше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шеттегi көше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шеттегi көше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері