Пана болмай кеңселер – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Пана болмай кеңселер» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 735
Пана болмай кеңселер,
Қалды сонау жолымда.
Бес-алты ауыз ел сенер,
Сөз қалсын деп соңымда.
Мен де жүрмiн мұрат қып,
Ойшылдайын толғанып.
Жазықсызды жылаттық,
Жетесiзден қорғанып.
Адамның жоқ жаманы,
Басқың келсе дауды егер.
Жүрiп тұрған заманы,
Алшаңдайды саудагер.
Жолатпады қасына,
Балға батқан бармағы.
Iс түскенде басыма,
Бiр досым да қалмады.
Әурелеме босқа елес,
Құдай менi қысқанға.
Опасыз сол досқа емес,
Ыразымын дұшпанға.
Құлын байлап, қозы алған,
Бұрынғы ауыл... ойланам.
Жаратылдым тозаңнан,
Топыраққа айналам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пана болмай кеңселер өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Пана болмай кеңселер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пана болмай кеңселер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пана болмай кеңселер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері