Өткiзе алмай – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Өткiзе алмай» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 545
Өткiзе алмай
қор ғып жүрген өмiрiн,
Бiреулерге жiбiмейдi көңiлiм.
Бес-алты ауыз сөз қалсын деп соңымда,
Мұңаятын, түсiнеді менi кiм.
Бұрынғылар бiр күнi өтсе жылаған,
Аспан жақтан тек шапағат сұраған.
Мына жұрттың пиғылдарын ұға алмай,
Қалқаманда сандалып жүр бұл ағаң.
Тәуекел деп кеше дастан бастап ем,
Бүгiн мұңлы мазалады басқа өлең,
Алматы жақ абыр-сабыр нелiктен,
Жаутаңдайды аң-таң болып Қаскелең.
Әр уақытта бергендер аз,
алған көп,
Соның көбi,
ел есiнде қалған жоқ.
Кешегi өткен туған дала қарттары,
Неге айтты екен бұл өмiрдi жалған деп.
Бүгiнгiлер...
тiрлiк қамы,
бас қамы,
Асқақ-асқақ армандарды тастады.
Театрдың жәудiрейдi жанары,
Туған жердiң түнерiп тұр аспаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткiзе алмай өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Өткiзе алмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткiзе алмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткiзе алмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері