Бейіт басында – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Бейіт басында» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1049
Маңдайыма сезбеппiн сыймасын-ай,
Сөз қадiрiн сезiнген,
сыйласым-ай.
Қоңыр кеште мен сенi есiме алдым,
Суық қырда қап қойған, қимасым-ай.
Топырақты лақтырып,
құрбым-ау тұр,
Жалбарындым,
тұрмадың,
тұрдым-ау тұл.
Менiменен қосыла құлазыды,
Iшке тартқан өксiгiн мұңдылау қыр.
Мұңдылау қыр...
жеттi ендi сабырсыз дер,
Тұлпарлардың байлайтын бағын сiздер.
Қатпарланған қайғымды көтерiстiң,
Қара суық жалаған сағымсыз бел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейіт басында өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Бейіт басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейіт басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейіт басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері