Жалған сезiм – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жалған сезiм» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Жалған сезiм,
жалған достық,
жалғандық...
Шемен болып көкiрегiмде қалған дақ.
Жетпiс сегiз,
сексендегi алаңсыз,
Тазалықты жүрген жай бар арман ғып.
Қайда сонау аппақ әлем,
мөлдiрлiк,
Сезiмдердi сабырлы ойға жеңдiрдiк.
Адамдарды айыра алмай жүрсек те,
Алыстағы армандарға телмiрдiк.
О, аяулы
армандар-ай,
армандар,
Бүгiнiмдi
ертеңменен жалғаңдар.
Осы жырды сендерге арнап отырмын,
Тiршiлiкте кездесе алмай қалғандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалған сезiм өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Жалған сезiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалған сезiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалған сезiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері