Жас тұрды қара көзiмде – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жас тұрды қара көзiмде» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Жас тұрды қара көзiмде,
Сезiндiм шапағатыңды.
Жоғалттым бала кезiмде,
Алғашқы махаббатымды.
Қаншама ғашық қимаған,
Қайыңды жел кеп тербейдi.
Анамыз бiзге сыйлаған,
Бұл өмiр қайтып келмейдi.
Он сегiздегi сезiммен,
Сүйдiм мен қоңыр күзiмдi.
Тағы бiр көктем көзiмнен,
Сағыныш болып үзiлдi.
Көңiлде сыр боп қалатын,
Сағыныш бойды тербейдi.
От болып жүрек жанатын,
Жастық шақ қайтып келмейдi.
Даламның сырлы нұр түнi-ай,
Жаралған бейне арманнан.
Сыйласып өтсек, шiркiн-ай,
Екi рет келмес жалғаннан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас тұрды қара көзiмде өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Жас тұрды қара көзiмде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас тұрды қара көзiмде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас тұрды қара көзiмде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері