Аяулым-ау – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Аяулым-ау» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1451
Даладағы гүлсің бе, жаным,
Ұмыта алмай жүрсің бе, жаным.
Өткен менен кеткенді ойлап,
Қара түнде күрсінбе, жаным.
Бірге өткен кештерім үшін,
Қалсын осы ән естелік үшін.
Сені мәңгі аялап өтем,
Жүректегі көктемім үшін.
Моншақтай жыр тізбеген едім,
Қоңыр күзде іздеген едім.
Аяулым-ау, қай жақта жүрсің,
Үмітімді үзбеген едім.
Бір өзің деп Торықтым ба екен,
Кездесуге қорықтым ба екен.
Жас жаныңды ауыртып бәлкім,
Бекер, қалқам, жолықтым ба екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяулым-ау өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Аяулым-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяулым-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяулым-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері