Кездемедегі кинолар мен Рахила қыз жайлы жыр – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Кездемедегі кинолар мен Рахила қыз жайлы жыр» атты Қасымхан Бегманов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 529
Cап-сары боп өңiрге келетiн күз,
Күздей сұлу клубқа енетiн қыз.
Сол жылдары киноны дуалдарға
Кездемеден iлiнген көретiнбiз.
Тым орынсыз ызылып сызылмаған,
Қатал тағдыр қоспады қызын маған.
Түркiстандық саудагер тығып сатқан,
Қол фонарым бар едi ғыжылдаған.
Ғыж.. ғыж...
бассаң жарығы молаятын,
Қарақшыдай бағана сораятын.
Ильич шамы кеш жеткен сол ауылдан,
Маған дейiн шықпаған қалай ақын?
Анамыздан жиырма-отыз тиын алушы ек,
Күпәйкеден қысылып қиналушы ек.
Қол фонарьды қолға алып қыздарды ертiп,
Жарығы жоқ клубқа жиналушы ек.
Ағыл-тегiл аңқылдап шешiлмесек,
Бүгiн жыр боп,
самал боп есiлмес ек.
Амангелдi батыр ма,
Чапаев па,
Ескi лента үзiлгiш... есiмде тек.
Сыбырлаған сары қыздың жылы демi,
Жүрегiмдi жылытып тұрып едi.
Жасырынса бiреулер, ал бiздердiң,
Кездесетiн жерiмiз клуб едi.
Еске түссе әлi күн жылы демi,
Қан жоса боп жүрегiм тiлiнедi.
Шалғай жатқан көп шудан сол ауылда,
Бiр махаббат аз ғұмыр сүрiп едi.
...Шамсыз ауыл ақ арман арқалатты,
Кездiм жалғыз мен содан шартарапты.
Кездеменi баяғы дуалдағы,
Сарайларда сағындым салтанатты.
Өстiк суды етiкпен шылпылдатып,
Естiлерге ескiлеу жыр тыңдатып.
Жазып жүрген жырыма менiң бүгiн,
Бiр жылдары болады жұртым ғашық.
Балалық шақ бәрiне елiктiрген,
Елiктiрген, ерiксiз желiктiрген.
Ақ боранда адасқан халiм мынау,
Ақбөкендей қораға келiп кiрген.
Айтпасақ та көп жайды жарымызға,
Қара таңба түскен жоқ арымызға.
Мен қарызбын
осынау сезiм үшiн,
Кездемеге, киноға, сары қызға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездемедегі кинолар мен Рахила қыз жайлы жыр өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Кездемедегі кинолар мен Рахила қыз жайлы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кездемедегі кинолар мен Рахила қыз жайлы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кездемедегі кинолар мен Рахила қыз жайлы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері