Он төртiншi туған айдай, нұрланып – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Он төртiншi туған айдай, нұрланып» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1020
Он төртiншi туған айдай, нұрланып,
Келе жатсаң жiгiт қарар ұрланып.
Аппақ дүние
аяғыңның астында,
Өз-өзiнен жатыр жаным жырланып.
Табиғатың сұлулықты сыйлады,
Еркелiгiң талайларды қинады.
Тарбағатай
тауларындай тәкаппар,
Түркiстанның қыздарындай ибалы.
Анамдайын аяулысың қара көз,
Мұңлы жырға таяумысың қара көз.
Алматыда
кездестiрдiң кездейсоқ,
Ақындардың қаяулысын қара көз!
Қара көзiң күлiмдейдi төккен нұр,
Жан жүрегiң бастаудайын мөп-мөлдiр,
Күлкiң сенiң
сыңғырлаған алтыным,
Самал сынды жаңа желпiп өткен бiр.
Қарашықтан қалқып ұшқан қыран ем,
Қаратаудан құлай аққан бұлақ ем.
Жер бетiнде
бақыт бiреу болса егер,
Құдайдан мен саған бер деп сұрар ем.
Қаршадайдан өскен едiм жырменен,
Белдестiрдi тағдыр қатал сынменен.
Сенi есiме
түсiредi бұл жылдар,
Тереземнiң түбiндегi мұңлы емен.
Көктемдегi жас шыбықтай бүр жарған,
Сенi көрсем тербетедi нұрлы арман.
Шығыс қызы
шұғылаға шомылған,
Кiмнен кейiн қалмас дейсiң бұл жалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он төртiншi туған айдай, нұрланып өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Он төртiншi туған айдай, нұрланып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он төртiншi туған айдай, нұрланып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он төртiншi туған айдай, нұрланып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері