Саусақтан сусып серiлiк – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Саусақтан сусып серiлiк» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Саусақтан сусып серiлiк,
Түстiм мен күйге сергелдең.
Өзiңе оңай берiлiп,
Кеудеңде сенiң көктеп ем,
Балауса балғын бейнеммен.
Ақ қайың ару шешiнiп,
Ақ қарға жатты жуынып.
Тұрдың да үнсiз
тесiлiп,
Сәби жүректi
жөргектен,
Әкеттiң бiрге суырып.
Болғанмен өзi көрiксiз,
Арманы асқақ арынды.
Сезбедiң сонда,
елiк қыз,
Қасымхан болып танысқан,
Қасыммен қоштасқаныңды.
Көресiң бәрiн тiрлiкте,
Дегенмен,
қалқам,
ешқашан,
Жылусыз менен жыр күтпе.
Өлеңге қажет болса егер,
Жалғыздықпен де достасам.
Ғұмыр-ай,
неткен тылсым ең,
Мұңыңмен бойды
тербейсiң.
Жазылмай жүрген бiр сыр ең,
Өзiңдi асқақ қалпыңмен,
Кеудеме, менің жерлейсiң.
Болғанмен өзi көрiксiз,
Арманы асқақ арынды.
Сезбедiң сонда елiк қыз,
Қасымхан болып танысқан,
Қасыммен қоштасқаныңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саусақтан сусып серiлiк өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Саусақтан сусып серiлiк өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саусақтан сусып серiлiк өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саусақтан сусып серiлiк өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері