Сен менi мүсiркеме – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Сен менi мүсiркеме» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 644
Сен менi мүсiркеме,
аямағын,
Одан да мейiрiмдi боп,
аялағын.
Тау мен тасқа соқтыққан жүрегiммен,
Саялағым келедi,
саялағым.
Бiрер сәтке кеудеңе жүзiм басып,
Отырып ем,
көз жасың үзiлдi ақық.
Мәңгi серiк болуға жарамастан,
Отызыншы барады күзiм қашып.
Өтiнем көздерiңнен үзбе жасты,
Қарашы қайыңдарға бiзге жасты.
Басыма iс түскенде Адам түгiл,
Сырласуға жарамай күз де қашты.
Күз де қашты...
сiлкiдi сындар менi,
Қуат бердi,
сүйедi қыздар лебi.
Қайран отыз тұрма сен босағада,
Қайда алып барасың жылдар менi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен менi мүсiркеме өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Сен менi мүсiркеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен менi мүсiркеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен менi мүсiркеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері