Жалғыз қалған жолбарыстай – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жалғыз қалған жолбарыстай» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 824
Жалғыз қалған жолбарыстай
жаралы ем,
Күңгiрт тартты-ау мөлдiр әлем, бар әлем.
Жүрегiме шоқ түсiрдi қайтейiн,
Тамағыңның астындағы қара мең.
Сол қара мең, сол қара мең, қара мең,
Қара меңдi гауһарыма балар ем.
Самал болып терезеңнен ене алсам,
Сенiң қара шаштарыңды тарар ем.
Сенiң қара көздерiңде мұң тұрды,
Менiң қара көздерiмде жыр тұрды.
Өзiмдi өзiм ұстап қалдым бiр түрлi,
Ал қиялым құшақ жайып ұмтылды.
Сенiң қара көздерiңде күнә тұр,
Менiң қара көздерiмде күнә тұр.
Жүрегiмде басталады ма сұрапыл,
Жүрегiңде басталды ма сұрапыл?
Ғашықтық дерт,
жалбарын дер, жыла дер,
Құдайым-ай,
сабырлырақ қыла гөр.
Топырақтан тысқары боп қара мең,
Жасырынып ақ тамақта тұра бер.
Жалғыз қалған жолбарыстай жаралы ем,
Күңгiрт тартты-ау мөлдiр әлем, бар әлем...
Суырып алды жүрегiмдi кеудемнен,
Тамағыңның астындағы қара мең.
Ғашықтық дерт бойдағы бар асылым,
Ұлы жолда қайралдым да,
жасыдым,
Аяқ асты болмас үшiн сұлулық
Қара шаш пен ақ тамаққа жасырын.
О, қара мең, қара мең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз қалған жолбарыстай өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз қалған жолбарыстай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз қалған жолбарыстай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз қалған жолбарыстай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері