Туған жерден iздеп келген Айнұрдың – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Туған жерден iздеп келген Айнұрдың» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 673
Туған жерден iздеп келген Айнұрдың,
Айдай сұлу жүзiн көрiп қайғырдым.
Жас аруды
қара өлеңге қимадым,
Жолдарында қалар екен қай жырдың.
Арпалыспен өткен асау тағдырым,
Алматының көшесiнде қаңғыдым.
Сағындым мен
Түркiстанның сол қызын,
Сағындым мен Бабайқорған жаңбырын.
Жырға ғашық қыратта өскен елiктiң,
Көздерiнен сәулелi ойлар көрiппiн.
Қалған ғұмыр
сол суреттi жырлайды,
Ләйладайын асыл туған көрiктiм.
Бiр күн тәттi,
өтiп жатқан бiр күннен,
Сол қызды ойлап алыс жақта жүрдiм мен.
Қырық жамау
жүрегiммен,
қалқам-ау,
Ең соңғы рет ғашық болып тұрмын мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерден iздеп келген Айнұрдың өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Туған жерден iздеп келген Айнұрдың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жерден iздеп келген Айнұрдың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерден iздеп келген Айнұрдың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері