Тұлпар – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Тұлпар» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 887
I
Жер тарпып тұрды түсiмде тектi жануар,
Туған топырақ көрпемiз түбi жамылар.
Келiнтөбе мен Қарашық жақта кешкi үйде,
Екi қыз, бәлкiм,
есiне ап бiздi сағынар.
Құлын ек шапқан аңғал да саңғал қорадан,
Сағынышымыз сол қырат сағым ораған.
Шулы қаланы шиырлағанда шайырлар,
Ұлылықты бiз iздедiк ескi моладан.
Жотасын жонның
шаң қылдық
сұрап шалдарды,
Толғай жырладық
толқын да толқын жылдарды.
Кешегi Тоқаш,
Жұматайлармен бiрге iштiк,
Кiнәмшiл бұл жұрт, бұл жайдан ненi аңғарды.
Айтып та жүрмiз,
жазып та жүрмiз астарлай,
Менде ес,
сенiң басыңда бiр тал шаш қалмай.
«Тас маңдай» қазақ жылы сөзiн де қимайды,
Сағым кiлкiген туған топырақты жастанбай.

II
Сырласы болған жұлдызды аспан, бұла түн,
Қараштан шығып,
Алаштан асқан ұлы ақын.
Жаңақорғаннан жаңбырда iздеп келгенсiң,
Бала Қасымды Бабайқорғанда тұратын.
Ескi дос,
ескi жылдарды сүймей бола ма,
Өкiнiштердiң орны ертең тола ма.
Екеумiз бiрге екi атпен талай барып ек,
Келiнтөбенiң етегiндегi молаға.
Сен ойнап өскен ескi жал анау алда тұр,
Жасырып сырды жатады-ау шiркiн сан ғасыр.
Келiнтөбенiң етегiндегi бейiтте,
Екеумiзге ортақ ардақты сары шал жатыр.
Сары шал сонда,
кемпiрi Самның құмында,
Ғарышта олар, сонан соң сенiң жырыңда.
Есенғали-ау,
Қарашықтағы қасқа жол,
Ескi бейiтке бастайды екен шынында.
Сырласы болған жұлдызды аспан,
бұла түн,
Қараштан шығып Алаштан асқан ұлы ақын.
Жаңақорғаннан жаңбырда iздеп келгенсiң,
Бала Қасымды Бабайқорғанда тұратын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұлпар өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Тұлпар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұлпар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұлпар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар