Балалықты ендi тастайық – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Балалықты ендi тастайық» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 559
Балалықты ендi тастайық,
Естiсiн сүйдiм жардың мен.
Қара жолдарда қасқайып,
Қайғыммен жалғыз қалдым мен.
Көңiлге қамзау болмады,
Сағыныш хаты жеткенмен.
Тiрлiкке көңiл толмады,
Сендерден ұзап кеткенмен.
Жолдарға жолдар жалғасты,
Кездестi жандар достасқан.
Ал мынау қыр ғой алғашқы,
Махаббатыммен қоштасқан.
Ыза жер баспас жасқанған,
Килiкпес жерге килiктiм.
Топастар елдi басқарған,
Жек көрiп кеттiм билiктi.
Ауырлау дертiн сол күздiң,
Көрерсiң өзiң саралап.
Көз жасы, ұяң сол қыздың,
Жанымды кеткен жаралап.
Көнбедi көңiл қақпайға,
Қаншама мұңға килiктiм.
Ақындар бақыт таппай ма,
Сойылын соқпай билiктiң.
Жырларымды оқып белеңге,
Қайғыммен өтiп барамын.
Елеусiз келiп өлеңге,
Елеусiз кетiп қаламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалықты ендi тастайық өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Балалықты ендi тастайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалықты ендi тастайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балалықты ендi тастайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері