Ару қалам Астанам – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ару қалам Астанам» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1450
Күндiк жерден көрiнген,
Айналайын елiмнен,
Ата-баба кезеңдерi-ай.
Алқасындай Арқаның,
Бұрымындай қалқаның
Толқып аққан өзендерi-ай.
Махаббаттың өлшемi,
Бәйтерегiм еңселi.
Жүрегiңде жатады екен.
Ақ балығы жүзген көл,
Ақ сағымы жүзген бел,
Жер жаннаты атамекен.
Ару қалам Астанам,
Жанды тербер асқақ ән.
Арман үмiт тiлегiмде,
Елiмдi алға бастаған.
Ару қалам, жас қалам,
Менiң мәңгi жүрегiмде.
Хан Кененiң тiлегi,
Алашорда жүрегi.
Ерке Есiл әлi есiмде,
Қарашығы қазақтың.
Бақытты күн, ғажап күн,
Сарыарқаның белесiнде.
Тағдырымыз шешiлген,
Мерейiмдi өсiрген.
Әлем бiлген бас қаламсың,
Жеткен көне ғасырдан.
Айбынымды асырған,
Менiң жаңа Астанамсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ару қалам Астанам өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ару қалам Астанам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ару қалам Астанам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ару қалам Астанам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері