Үлгермедім – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Үлгермедім» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1245
Айналғанмен жырыма гүлдер менің,
Мінезімді өзгертті-ау күндер менің.
Тау қопарам деп едім жас кезімде,
Жылдар өтті, мен бірақ үлгермедім.
Еркіндікті қимады жалған маған,
Үлгермедім көп іске армандаған.
Ұлт тағдырын ойлаудың сан үлгісі,
Кешегі өткен шалдардан қалған, балам.
Өр кеудемді намысым бастырмады,
Шуағымды жан-жаққа шаштырмады.
Өтті, кетті барлығы көрген түстей,
Адымымды уақыт аштырмады.
Мінезімді өзгертті күндер менің,
Ыңғайыңа жығылсам жүндер ме едім?
Ұлы ақын болам деп сөз беріп ем,
Ұлы өлең жазуға үлгермедім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үлгермедім өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Үлгермедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үлгермедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үлгермедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері