Өлең, жыр, ақындар

Қасым Аманжолов жайлы жыр немесе ақын зиратындағы ой

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 432
I
Қабырға сөккен
қазақтың мұңы тербеткен,
Қара бала едiм қараша ауылда ержеткен.
Қаратау жақтың қара талының шыбығын,
Ат қылып мiнiп түскенмiн жолға сен кеткен.
Көсiлiп жатқан
куә ғой, қырат, сай мына,
Қырандар көкке қанатын бiрден жайды ма?
Мәңгiлiк өмiр iздедiм мен де өзiңдей,
Қаршадайымнан айналып Асан қайғыға.
Жырақта қалып
жылдарым сауық құратын,
Басыңда тұрмын,
қасыңда тұрмын ұлы ақын.
Қасым боп ашқан дүниенiң мынау есiгiн,
Сұрапыл жылдар сырларын бiзден сұра түн.
Бiр кезде қалған
iзiңдi iздеп Ембiден,
Боталап көзiм жырыңа қайта телмiрем.
Жұртыма ертең соңымда менiң мұра боп,
Өлеңнен өзге қалады дейсiң ендi нем.
От жалын кештiң
кешпеген мынау еш пенде,
Жабықтың ба екен ескi шинельдi шешкенде.
Жұмақ-ау шығар ол жақта сенiң мекенiң,
Көп көрiп едiң тозақты ғұмыр кешкенде.
Ал қара көктей
дариға-ай сол бiр қайда арман,
Қиялың қалқып аспанда жүзген айды алған.
Сене алмай тұрмын көздерiм менiң бұлдырап,
Қасым ба мынау ақ топыраққа айналған.
Өлмейдi мәңгi
рухы күштi асылдар,
Қалады олар алмасқанменен ғасырлар.
Маған да бiр сәт көз салып өтсiн ертеңгi,
Қазақ деп туған қара көз жап-жас Қасымдар.
Ақ толқындардай
жағасын жардың ұратын,
Сағыныш дертiн бiздерден ғана сұра түн.
Жүз жылдық жүктi арқалап даңқ-дақпыртсыз,
Басыңда тұрмын, қасыңда тұрмын ұлы ақын.

II
А, анау Балқашқа қарай,
алқына аққан Ақтайлақтың өзенi,
Қызыларай тауларының көлге ұласқан кезеңi.
Жүзiмдi жаңбыр жуғаны-ай.
Қара нарлардың үстiнде
аруларымды тербеткен алтын шатырлар,
Төбелерiнде мәңгi тұрарын,
бiлгендей екен туған ай.
Кешегi өткен дулыға киген батырлар.
Артында азынаған үй қалып,
Жарық жалғанды қимай да, қимай қиналып.
Бұрынғылардың жолына
бұрылып барып түскенсiз,
Сондықтан ба екен
Алаштың сан баласынан үстемсiз.
Сұп-сұр боп жүзiң соңғы рет,
Сары қымызды сапырып тұрып iшкенсiз...
Еңкейгенге еңкейген,
Шалқайғанға шалқайған.
Сен жоқ жерде бақыт тапсын жар қайдан.
Өзiмсiнiп келгендi өзегiнен теппеген,
Атқан оғы айдалаға кетпеген.
Қабырғаларын бiртiндеп тұрып сөккенде,
шытпай тұрған қабағын,
Алтынменен жалатқан ет салатын табағын.
Қаршадай кезде ауылда далалық дана,
Кемпiр-шалдардың үздiк бiтiргем сабағын.
Жұлдызды түнде ай нұрына жуынған,
Қынабынан ақ семсердi суырған.
Бозбалаға бойжеткен қасын керiп назданған,
Ей, мiрi кем аяулы,
нұрлы ғұмыр аз жалған.
Сол бозбала әп-сәтте ботакөзi қаласа,
Арыстан мен жердегi, аспандағы қазды алған.
Соңдарында аңыздай отты жыр мен саз қалған.
Зымырайды замандар,
Өзгередi қоғамдар.
Аруақтар ертеңгi,
Бүгiнгi барлық адамдар.
Теңеспейдi ешқашан,
Жақсы менен жамандар.
Менiң мұңым
жер бетiнде жоқ қала мен жоқ ұрпақ,
Аманаттап туған жердi тастап кеткен сол ұрпақ.
Осындай елдi
ешкiм де сала алмас ағаш табытқа,
Талпынған сонау себездеп түскен жарыққа.
Көзiмнiң жасы тамады үнсiз,
Батысқа қарай, мұнайлар аққан арыққа.
Бүгiнгi мынау,
қайырсыз қара иттерге бiткен мол байлық,
Не пайда сенен аш-жалаңаш,
бiз сүйген сорлы халыққа.
Асты мен үстiн жерiмнiң
сататын iскер тажалдың,
Қақпайларына көнгiм келмейдi менi аңдып,
соңымда жүрген ажалдың.
Қайран аңқау қазағым,
бүгiнгi барлық қайғыңды,
Кешегi өткен Қасымдай, құлазып жүрiп жазармын...

III
Дүниеге келер әлi талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бiр байқасын.
Қасым Аманжолов
Ұлы жырыңды,
ұлы даланы шайқаған,
Өзiңнен соңғы қаншама толқын байқаған.
Ақындар келiп
кеткенмен мына өмiрге,
Дүниеге сендей келмейдi Қасым қайтадан.
Боз жусандайын бозбала кезде от кешкен,
Қысқы окоптарда досыңның төсiн оқ тескен.
Жарқылдай жеттi
жырларың жаңа ғасырға,
Бетiнен жердiң жоғалып өшiп кетпестен.
Қаршадай кезде-ақ бас тiккен қауiп-қатерге,
Күркүреп күндей майданнан жеткен аты елге.
Өзiңдi ойлап,
қуана алмастан, қиналып,
Мұңайып тұрдым кiргенде жаңа пәтерге.
Келгенде көктем
тыраулы үнiн тырнаның,
Қырға да шығып сен құсап аға тыңдадым.
Семейге соғып
сандалғанменен таппадым,
Кезгенмен жалғыз Қарқаралының қырларын.
Жеткiзiп бәлкiм айта алмай жүрген болармын,
Теңiздей сонау тартылып барып толармын.
Жағалауынан
таппадым iздеп Жайықтың,
Жастығың қалған ормандарынан Оралдың.
Кейбiр пенделер жетпей жүргенмен парқыңа,
Жырларың сенiң жасын боп жеттi халқыңа.
Жан-жаққа қарай
поездар аққан далаңда,
Туатын таңда шолпандай мәңгi жарқыра.
Алаш деп iштей алаулап жанып, күйiнген,
Қазақ деп өткен Хан Кене ерге сүйiнген.
Отыңды жаққан
Сақыпжамалдың қолынан,
Ғафаңмен бiрге дәм татқам бiрде үйiңнен.
Дауысың жеттi саңқылдап асқақ залдардан,
Алысқа кеткен даңқыңа сонда арбалғам.
Сұрағам қанша
мен өзiң жайлы, кешегi,
Сырбай мен Ғафу секiлдi тектi шалдардан.
Сарыарқадағы
боздайды бүгiн сары нар,
Ақындар сирек Сақыпжамалдай жары бар.
Сахарамызға тұлпарлар аздық етпеген,
Қазақстаным Қасымын мәңгi сағынар.
Дәуiрлер жайлы толғай да толғай толғаған,
Заманалардан ұрпаққа жырын жолдаған.
Қасқа жол салған, басқа жол салған қашанда,
Қазақта бiздiң Қасымдар осал болмаған.

IV
Найзағайлы қара бұлттай
құйып өткен жауыным,
Семсер тiлдi,
от жүректi тынбай соққан дауылым.
Жалғыз қалып жабыққан бiр осы
мұңлы жылдарда,
Аруағы мен жыры менi демеп келген бауырым.
Он бестегi таңғы шықтай мөлдiреген сезiмдей,
Қараша ауыл,
қасқа жолда қалған балғын кезiмдей.
Қызыл заман құрсаулаған
Түркiстанның қайғысын,
Жүрегiме жасырып ап жолға шыққам өзiңдей.
Тына қалған тамшы көрген,
сан ғасырлық тастардан,
Мұрат iздеп «Мұңлық-Зарлық” секiлдi
асыл дастаннан.
Атамекен Аққорада қасiретiң басталған.
Сағым көшкен Сарыарқадан
алыс-алыс жақтарға,
Алдыңды орап ақ киiк боп бала кезден
қашты арман,
Алашымның шоқ жұлдызы ағып түскен аспаннан



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен едiң қияда өскен түздiң гүлi

  • 0
  • 0

Сен едiң қияда өскен түздiң гүлi,
Жайсаңдар армандаған қыздың бiрi.
Екеумiз қоштаса алмай ұзақ тұрған,
Есiмде жиде ағашы, күздiң түнi...

Толық

Жалғыз қалған жолбарыстай

  • 0
  • 0

Жалғыз қалған жолбарыстай
жаралы ем,
Күңгiрт тартты-ау мөлдiр әлем, бар әлем.
Жүрегiме шоқ түсiрдi қайтейiн,

Толық

Ғашық еткен

  • 0
  • 0

Ғашық еткен,
ақын еткен елiк ең,
Қайда барсам
ерке елесiң менiмен.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер